Басты Жаңалықтар Сүт өндірісін дамыту қарқын ала бастады

Сүт өндірісін дамыту қарқын ала бастады

Президент Жолдауында Солтүстік Қазақстан облысының тауарлы сүт фермалар бағытындағы тәжірибесін еліміздің өзге өңірлеріне тарату қажеттігін атап өтті. Мал шаруашылығын дамыту, заманауи технологияларды енгізу және асыл тұқымды төрт түлік санын көбейту маңызды. Бүгінгі күні теріскейде 118 сүт тауарлы ферма жұмыс істеп тұр. Солардың бірі Мағжан Жұмабаев ауданының Советское ауылында. Нысан өңірдің сүт өндірісін дамытуға және агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыруға үлес қосып отыр.

Эльмира Кәленова, тілші:

Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі сиыр саууға арналған қондырғы. Бір мезетте 100 бас қара мал сияды. Бір сиырды саууға небәрі 14 минут жұмсалады.

Солтүстік Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республика көлемінде алдыңғы қатарда. 118 ферманың 50-і заманауи техникамен жарақталған.

Дамир Дәуітов, өндірісті автоматтандыру бөлімінің жетекшісі:

Заманауи қондырғылармен жасалған бізде жем зауыты бар. Сағатына 1,5 тонна жем шығырады. ЖИ қолданамыз. Комбикормның құрамын өзі анытайды. Сосын жетпей жатқан заттарды мысалы, өзі заказ береді. Санап отырады, күнде-күнде.

Ақмола облысында соңғы үш жылда 8 тауарлы сүт фермасы ашылды. Оның бірі Зеренді ауданының Еленовка ауылында. Жыл басында асыл тұқымды 400 бас ірі қара сатып алынды. Оның 80 пайызы төлдеп үлгерді. Қазір фермада тәулігіне 5 мың тонна сүт өндіріледі. Инвестициялық жоба құны 1 млрд теңге. 20 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Сағындық Тұрғынбеков, малшы:

Кішкентай ауылымызға ірі ферма ашылды. Осында 20-25 адам жұмыс істейді. Жұмыс жақсы. Жалақысы уақытында төлейді.

Абай облысында 3200 басқа арналған 8 ферма бар. Жылына 16 мың тонна сүт өндіреді. Бұл аз. Сондықтан, осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін «Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату» бағдарламасын енгізу қолға алына бастады. Қазірдің өзінде бірнеше шаруашылыққа асыл тұқымды мал мен заманауи құрылғылар алуға қаржы бөлінді.  

Қайрат Көшенов, ҚР АШМ мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары:

Ақмола облысы, СҚО, Павлодар, Қостанай және де Алматы облысына шамамен 72 жобасы осы облыстарға тиесілі. Субсидиясын алады және да жасалған іске асырылған жобаларға да инвестициялық субсидиялар қарастырылған.

СҚО тәжірибесін тарату мақсатында 106 жоба қаржыландырылды. Оның 72-сі іске қосылған. Бүгінгі күні елімізде 8,2 млн бас ірі қара бар. Оның 12 пайызы асыл тұқымды. Бұл – импортқа тәуелділікті азайтып, отандық өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған маңызды қадам. Сала мамандарының пікірінше мұндай жобалар еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға тың серпін береді.

Бөлісу