Халық пікірі: Жолдаудағы бастамалар тұрмысымызды жақсартады
Президент Жолдауында көтерілген әлеуметтік-экономикалық бастамаларға алматылықтар да қолдау білдіріп отыр. Тұрғындар күнкөріс минимумын арттыру, шағын және орта бизнесті қолдау, құрылыс пен инфрақұрылымды дамыту, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстардың маңызын атап өтті. Олардың пікірінше, бұл бастамалар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға ықпал етуі тиіс.
- Өзім медицина қызметкерімін. 40 жыл стажым бар, лабораторияда істегем, істеймін.Енді, әсіресе,біздің мына жалақыны көтеру, медицина саласының қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту жағы басымырақ айтылды да, сол жағы қатты ұнады. Себебі медицина бұл бірінші адам баласына денсаулық бірінші орында ғой. Соны нақтылап берген Президентімізге алғысымыз шексіз.
- Енді мен қысқасын айтқанда, күнкөріс минимумының жоғарылауына екі қолмен көтеремін, қолдаймын. Бұрынғы 85 000 деген өте аз еді. Көп адам қазір бәрі қымбатшылық кезінде 110 000 теңгеге, ең болмаса, аз да болса бір көмек көп отбасына.
- Құрылыс жағын мен қолдаймын. Өйткені 6,5 триллион теңге бөлінді деді ғой бүкіл Қазақстан бойынша. Жаңа мектеп салынады, больницалар салынады, инфрақұрылымды түзетеді. Ол да оны қолдаймын мен, өйткені бүкіл Қазақстан бойынша құрылыс салынған кезде, дамыған кезде, жұмыс орны көбейеді, ол да бір плюс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы