Ақмола облысында ірі қара белгісіз аурудан қырылды
Ақмола облысының Зеренді ауданында ірі қара белгісіз аурудан қырылып қалды. Бас аяғы 40-қа жуық түлік шығын болған. Малдың жаппай қырылуы Дөңгілағаш ауылында желтоқсанның 4-інде басталған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, мал жайылымнан келген соң ауырып, жем-шөп пен судан бас тартып, күйіс қайтаруын қойған. Аудандық ветеринарлық қызмет мамандары оқиға орнына барып, патологиялық материалдар зертханаға жіберілді. Жалпы, ауылдағы 57 бас ірі қарадан бүгінде 20 шақтысы ғана қалған.
Ағыбай Сыздықов, облыстық Аетеринария басқармасы басшысының орынбасары:
Аса қауіпті аурулар табылған жоқ. Енді негізгі болжам — тамақ, жем-шөптен улану. Қазір зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар сонда жұмыс істеп жатыр. Ем қолданып жатыр, антибиотиктер, капельницалар қойылып жатыр. Оң нәтиже берген малдар бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылыс саласындағы маман тапшылығы қалай шешіледі?
29.11.2026, 20:02
Тұңғыш қазақ антропологы Оразақ Смағұл дүниеден өтті
29.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы төрт жаңа құрылымның құрамын бекітті
29.11.2026, 20:00
Қазақстанда мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті
29.11.2026, 20:00
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 30 млрд долларға жуықтады
29.11.2026, 20:00
Республика бойынша 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
29.11.2026, 10:15
Бүгін елімізде мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр
29.11.2026, 08:00
ШҚО-да спорт кешені ашылды
27.11.2026, 20:27