Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті
Мәскеуде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті. Алқалы жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов қатысты. Делегация басшылары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграция мен әріптестіктің басым бағыттарын талқылады. Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық, кедендік бақылау, электронды сауда, тауарларды таңбалау жүйесін дамыту мәселелері сөз болды. Үкімет басшысы экономиканың негізгі салаларына серпін берген тиімді байланыстың нәтижелерін атап өтті. Ұйым жұмыс істей бастағалы Қазақстан мүше мемлекеттермен сауда көлемін 90%-ға арттырды. Биыл ЕАЭО бюджеті есебінен 5 жоба, оның ішінде машина жасау және темір жол өнеркәсібі саласындағы қазақстандық бизнестің қатысуымен 3 жоба мақұлданды. Олжас Бектенов алдағы уақытта да еліміздің экономикалық ынтымақты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы