Басты Жаңалықтар «Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды

«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды

«Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобы келер жылы экономикаға 8 трлн теңге қолдау көрсетпек. Атап айтқанда, 1,17 трлн теңге өңдеу өнеркәсібін, инфрақұрылымды және ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалады. Сондай-ақ 2,7 млн шаршы метрге жуық тұрғын үйді пайдалануға берілмек. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов холдингтің директорлар кеңесімен кездесіп, келер жылға арналған бюджетті бекітті. Жобаларды іске асыру үшін қажетті қаржының 54%-ын мемлекеттен тыс көздерден алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ холдингтің негізгі жұмысы инвестиция көлемін арттыруға, қолдау алған кәсіпорындардың табысын және экспорттан түсетін кірісін көбейтуге бағытталады. 

Бөлісу