Басты Жаңалықтар Қазақстан әйелдер құқығын қорғау бойынша көш бастады

Қазақстан әйелдер құқығын қорғау бойынша көш бастады

Қазақстан әйелдер құқығын қорғау тұрғысында аймақ елдері арасында көш бастап тұр. Бұған қатысты азаматтардың сенімі соңғы бір жылда 27 пайыздан 36 пайызға дейін өскен. Ұлттық комиссия дерегінше, көрсеткіш жылдан жылға жақсарып келеді. Бұл туралы Ташкентте өткен Орталық Азия және Әзірбайжан елдерінің әйелдер құқығын қорғау тақырыбын арқау еткен жиында айтылды. Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова елімізде атқарылып жатқан реформалар жайлы баяндады. Оның сөзінше, бұл бағыттағы шаралар отбасы институтын дамытуға оң ықпал етеді.

Эльвира Азимова, ҚР Конституциялық сотының төрағасы:
Білімге және экономикалық құқықтарын жетілдіруге жағдай жасау. Тек қана жауапкершілікке байланысты ғана емес, сонымен қатар профилактикаға да байланысты шаралар жоспарланып жатыр. Соның ішінде Мәжілісте қазір арнайы заң қаралуда.

Аталған жиын БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей декларациясының қабылданған күніне орай өткізілді. 1948 жылы қол қойылған құжатта «әр адамға оның нәсіліне, жынысына, тіліне, діни наным-сеніміне, ұлттық және әлеуметтік тегіне қарамастан тең құқық беріледі» делінген.


Бөлісу