Басты Жаңалықтар Атырау облысында қатты желден әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатыры ұшты

Атырау облысында қатты желден әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатыры ұшты

Атырау облысында кешелі бері дүлей дауыл соғып тұр. Салдарынан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатыры ұшып, кейбірінің қасбеті опырылып түскен. Төтенше жағдай Құрманғазы, Махамбет, Мақат аудандарында және Атырау қаласында тіркелді. Қатты желден Индер ауданы тұтастай жарықсыз қалған. Сондай-ақ көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар Атырау – Орал, Атырау – Ақтөбе, Атырау – Бейнеу тасжолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Air Astana Атырау мен Ақтау қалаларынан ұшып шығатын және сол қалаларға бағыт алатын рейстердің кешіктірілетінін ескертті. Ертең мектептерде сабақ онлайн режимге көшірілді.

Бөлісу