Қонаевта төтенше жағдай режимі енгізілді
Алматы облысы Қонаев қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді. Қала әкімінің шешімі туралы жоба 16 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
11–12 желтоқсан күндері желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетіп, Қонаевта жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. Көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары бүлініп, инженерлік желілер зақымданған.
Ресми мәліметке сәйкес, коммуналдық жүйелердің жұмысы бұзылып, барлығы 31 апаттық жағдай тіркелген. Яғни, электр энергиясы өшіп, бірнеше үйдің шатырлары ұшып, ағаштар құлаған.
Қалалық коммуналдық қызметтер мен авариялық бригадалар тәулік бойы жұмыс істеп, 12 желтоқсан күні кешке қарай су, жылу және жарық толық қалпына келтірген. Енді зақымданған шатырларды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Құрылған арнайы комиссия нысандарды тексеруде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы