Жазушы Ж.Шаштайұлы шығармалар жинағының тұсаукесері өтті
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлының төрт томдық толық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті. Бірінші томына қаламгердің повестері мен әңгімелері, екінші және үшінші жинағына кеңестік кезеңдегі қоғам тынысы, ата кәсіп пен жастардың қажыр-қайратын суреттеген романдары енген. Ал төртінші томы қаламгердің журналистикадағы еңбектерінен сыр шертеді. Кітаптар шығарма желісімен салынған иллюстрациялық суреттермен безендірілген. Жинақ 3 000 дана таралыммен шығып, елдің барлық кітапханасына тарайды. Жұмабай Шаштайұлы тірі болса, биыл 75 жасқа толар еді.
Қуаныш Жиенбай, жазушы:
Артында сөз қалған дейді, Жұмабайдың артында үлкен шығармалары қалды. Армандары қалды, повестері қалды. Ол әлі де ұзақ өмір сүретін сияқты болып көрініп еді. Оның жазатын шығармалары әлі де мол болатын.
Айгүл Ісмақова, алаштанушы ғалым:
Ол кісі “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы болды, баспаның бас редакторы болды. Жұмабайдың шәкірттері өте мықты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08