Басты Жаңалықтар Радиоактивті уранды 500 мың долларға сатпақ болғандар ұсталды

Радиоактивті уранды 500 мың долларға сатпақ болғандар ұсталды

Шымкент қаласының тұрғыны ақтөбелік екі сыбайласымен бірге радиоактивті уранды 500 мың долларға сатпақ болған. Олардың жолын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері кесіп, күдіктілер қамауға алынды.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, Өзбекстан Республикасының азаматы салмағы 958 грамнан асатын уранды заңсыз иеленген. Ол туралы шымкенттік танысына айтып, сату жолдарын қарастырған. Кейін іске ақтөбелік екі тұрғынды тартады. Қыркүйек айында радиоактивті уранды көлік жүксалғышына салып, Шымкенттен Ақтөбеге жеткізген. Тауарды сату туралы келісім жүріп жатқанын Ұлттық қауіпсіздік комитеті алдын ала анықтап, қызметкерлердің бірі олармен сатып алушы болып сөйлескен. Күдіктілер ақшаны алып жатқан сәтте қала сыртында қолға түсті. Тәркіленген тауар сараптамаға жіберіліп, оның радиоактивті материал екені нақтыланды. Ұсталғандар кінәсін толық мойындады. Екі ақтөбелік екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ал бұрын сотты болған Шымкент тұрғыны екі жарым жыл жаза арқалады.


Бөлісу