Басты Жаңалықтар Тараз қаласында 600 балаға арналған «Келешек мектебі» ашылды

Тараз қаласында 600 балаға арналған «Келешек мектебі» ашылды

Оралда Зачаган кентінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасының аясында жаңа білім ордасы ашылды. 600 орындық білім ұясы заман талабына сай құрал-жабдықпен қамтылған. Барлық 33 кабинет түгелдей интерактивті тақталармен жабдықталған. Әсіресе жеткіншектердің шығармашылығын дамытуға бағытталған STEM, робототехника, визуалды дизайн, хореография сияқты кабинеттерді ерекеше атап өтуге болады. Мектепте ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арналған инклюзивті кабинет жұмыс істейді. Бұған қоса екі спорт залы, бірнеше шеберхана, 130 орындық акт залы, коворкинг алаңдар және соңғы үлгідегі кітапхана да бар. Жаңа мектепте кенттегі үш ауысымды білім ұясынан көшірілген 1300-ге жуық бала білім алмақ.
Гүлнұр Бақытжанова мектеп директоры:

Әрбір шеберхананың өзі балалардың бллашақ мамандықтарын таңдауға, ғылыми жұмыстармен айналысуға, әртүрлі жобалар жасауға үлкен мүмкіндік береді. Біз осы мектептен саналы ұрпақ тәрбиелейміз және олар Қазақстанның үлкен азаматтары болады деген сенімдеміз.
Білім ошағы осы жоба аясында аймақта ашылған жетінші нысан саналады.
Осылайша Шөлдала тұрғын алабындағы орын тапшылығы түбегейлі жойылды. Бұған дейін 3 мектебі болғанына қарамастан мыңға жуық орын жетіспейтін. Ал жаңа мектепте заманауи зертханалар, кітапхана, шеберхана, хореография бөлмелері мен робототехника үйірмесі бар. Сондай-ақ бірнеше спорт залы, арнайы демалыс орны мен коворкинг орталығымен қамтылған. Айта кетейік, биыл қалада 4,5 млрд теңгеге 5 мектеп күрделі жөнделіп, 3 білім ошағына жапсарлас нысан салынды.
Әйгерім Алтынбаева, қалалық білім бөлімінің басшысы:
760 бала қабылданып отыр. Тағы қосымша 150 бала осы мектепте жайғасатын болады. 21-ғасыр дағдыларын меңгеруге, оқушыларға сапалы білім саналы тәрбие алуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолайлы қолдануға барлық мемлекет балаларға үлкен жағдай жасап отыр. 

Бөлісу