Басты Жаңалықтар Маңғыстауда атмосфералық ауаға күкіртті көміртек таралды

Маңғыстауда атмосфералық ауаға күкіртті көміртек таралды

Маңғыстауда битум өндіретін кәсіпорынның аумағынан атмосфералық ауаға күкіртті көміртек тарағаны анықталды. Айта кетейік, Ақтауда және оған жақын орналасқан Мұнайлы ауданда тұрғындар бірнеше күн бойы жағымсыз иіске шағымданды. Осыған орай экологтар күндіз және түнгі мезгілде атмосфералық ауаға мониторинг жүргізген. Нәтижесінде битум зауытының санитарлық-қорғау аймағынан екі күн қатарынан күкіртті көміртектің шектен тыс артқаны анықталған. Енді кәсіпорынға тексеріс жүргізілмек.

Қайсар Нәдірбек, Маңғыстау облыстық Экология департаменті зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің басшысы:

19 желтоқсан күні түнде біз Каспий битум ЖШС аумағынан күкіртті көміртектен асып кетулерді анықтадық, яғни көміртек дисульфидінен асып кетулер тіркелді. Бұл ластаушы зат өткір иісті, ауаға тез таралатын зат. Сол себепті жел қалаға қарай бағытталған кезде Ақтау қаласы мен Мұнайлы аумағында осы иіс анық байқалды.


Бөлісу