Өзбекстанда Қазақстан капиталымен жұмыс істейтін компаниялар қатары көбейіп келеді
Өзбекстанда Қазақстан капиталымен жұмыс істейтін компаниялар қатары көбейіп келеді. Ұлттық статистика комитетінің дерегінше, биылғы 11 айда бірлескен кәсіпорындар саны 158-ге артқан. Осылайша қазақстандық инвесторлардың қатысуымен жұмыс атқаратын компаниялардың жалпы саны 1 199-ға жетті. Бұл екі мемлекет арасындағы экономикалық қарым-қатынастың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді. Бизнес өкілдері өзара байланысты одан әрі нығайтуға ниетті. Қазақстан мен Өзбекстан арасында болашақта қосымша 4 сауда дәлізін ашу жоспары бар. Мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттері жөнделіп жатыр. Бұл тауар тасымалын арттыруға тікелей ықпал етеді. Қос ел арасында әсіресе азық-түлік өнімдері айналымының үлесі басым.
Иброхим Абдурахмонов, Өзбекстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі:
Экономика мен сауда-саттықта ауыл шаруашылығы саласы айрықша орын алады. Жыл басынан бері тек осы салада өзара тауар айналымының көлемі 1,5 млрд долларды құрап отыр. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 30 процентке артық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы