Басты Жаңалықтар Әлем нарығында алтын бағасы 4400 доллардан асты

Әлем нарығында алтын бағасы 4400 доллардан асты

Әлем нарығында алтын бағасы кезекті рекордты жаңартып, 4400 доллардан асты. Сарапшылардың ойынша, бұл металдың қымбаттауына АҚШ Федералдық резервінің келесі жылы пайыздық үстемені екі рет төмендетіп, долларды арзандатуы мүмкін екені себеп. Айта кетсек, жыл басынан бері алтын құны 68 пайызға көтерілген. Бұл – 1979 жылдан бергі ең жылдам өсім көрсеткіші. Сонымен қатар күмістің бір жылда 138 пайызға, ал мұнайдың Brent маркасы өткен тәулікте 62 долларға дейін қымбаттағаны белгілі болып отыр.


Бөлісу