Солтүстік Қазақстанда «Nomads-AI» креатив орталығы ашылды
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында «Nomads-AI» креатив орталығы ашылды. Жаңа нысан заманауи технологиялар, білім беру және креативті индустрияларды біріктіретін орталыққа айналмақ. Коворкинг, робототехника, дрон, жасанды интеллектіні меңгеру, стартап жобаларды дамыту алаңы мен медиастудия іске қосылды. Кабинеттер заманауи жабдықтармен қамтылған. Жастармен жұмыс істеуге білікті мамандар тартылып отыр. Облыстың барлық аудандарында осы сынды креатив орталықтар ашу жоспарланған.
Махаббат Самырат, аудандық Ішкі саясат бөлімінің жетекшісі:
Стартап жобалар дейміз ғой, соларды және жасанды интеллектіге жастарды үйретеміз деп ойлаймыз. Жастарды қолдау мақсатында жақсы жағдайлар жасалған. Алдағы уақытта біздің жастарымыз, Есіл ауданының жастары жақсы-жақсы бір жобаларды жүзеге асырып, республика деңгейіне шығады деген үміттеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем нарығында алтын бағасы 4400 доллардан асты
23.12.2025, 10:10
Сирияда үкімет әскері мен күрд жасақтары қақтығысты
23.12.2025, 10:08
Өзбекстанда Қазақстан капиталымен жұмыс істейтін компаниялар қатары көбейіп келеді
23.12.2025, 10:07
Еуразиялық экономикалық одақта дәрілік заттардың ортақ нарығы құрылады
23.12.2025, 10:06
ШҚО-да жүкті әйел тікұшақпен облыс орталығына жеткізілді
23.12.2025, 10:06
Маңғыстауда атмосфералық ауаға күкіртті көміртек таралды
23.12.2025, 10:04
Ұлттық компанияның атын жамылған алаяқтар көбейді
23.12.2025, 10:04
Жаңа жылдан бастап декларация тапсыру ережесі өзгереді
23.12.2025, 10:02