Басты Жаңалықтар Қазақ елі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды

Қазақ елі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін қазак елі Алматыда абыз ақсақал, аңыз адам Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсіміне мәдениет және өнер саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, әріптестері, шәкірттері және қала тұрғындары келген. Қаралы жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқыды. Қаралы жиынға қайғыра көңіл айтып келген жұрттың қарасы қалың. Ғимарат алдына да жүздеген адам жиналды.

Болат Әбділманов, актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

Иә, шын мәнінде тұтас бір дәуір көшкендей болып тұр. Бірақ біз сіздерге Асекеңнің өнердегі дара жолына шаң баспайтынына, көтерген туының жығылмайтынына, осындай дана халқы барда, артынан ерген талантты ізбасарлары барда Асекеңнің аманаты орындалатынына нық сенімдіміз.

Қазақ өнерінің саңлағы, Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткері, Халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден өтті. Шығармашылық жолында ол 30-дан аса рөльді сомдады. Көрерменге ерекше танылған фильмдері қатарында «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Ермак», «Транссібір экспресі» бар. Бұл туындылар қазақ киносының алтын қорына енді.


Бөлісу