Басты Жаңалықтар Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы ұсынылды

Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы ұсынылды

Үкімет шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын ұсынды. Мақсат – ауылдар мен шағын қалалардағы шағын кәсіпкерлікті дамыту. Яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, тамақ өндірісі, шағын наубайханалар, ағаш өңдеу, жиһаз құрастыру, құрылыс материалдарын өндіретіндер және қолөнермен айналысатындарға мемлекет жәрдемдеспек. Дәлірек айтсақ, мемлекет кәсіпкерлердің алған несиесінің пайызын азайтып береді, банктен несие алу үшін кепіл жетпесе, оның 80 пайызына дейін «Даму» қоры кепіл болады. Сондай-ақ тегін кеңес беру, оқыту және жұмыс істеуге қажет инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қарастырылған. Жалпы, субсидияның 30 пайызы Абай, Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарына бөлінеді. Ал 70 пайызы қалған өңірлерге бағытталмақ.


Бөлісу