Басты Жаңалықтар Шымкентте заңсыз онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды

Шымкентте заңсыз онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды

Шымкентте екі жыл бойы жасырын жұмыс істеген заңсыз онлайн-казино әшкереленді. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті TikTok пен YouTube желілерінде тікелей эфир арқылы құмар ойын ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Тергеу мәліметінше, күдіктілер «TauBrat» парақшасы арқылы «Тринька» атты заңсыз ойын ұйымдастырып, тұрақты табыс тапқан. Қылмыстық кірісті заңдастыру мақсатында олар үшінші тұлғалардың атына рәсімделген банк карталарын пайдаланып, қаражатты қолма-қол айналымға шығарған. Жалпы заңсыз табыс көлемі 93 миллион теңгеден асады. Бұл қаржыға Hyundai Sonata автокөлігі мен тұрғын үйі бар жер телімі сатып алынған.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Бөлісу