Басты Жаңалықтар Өзбекстанда тұңғыш рет 7 айлық нәрестеге бауыр ауыстыру отасы сәтті жасалды

Өзбекстанда тұңғыш рет 7 айлық нәрестеге бауыр ауыстыру отасы сәтті жасалды

Өзбекстанда тұңғыш рет жеті айлық нәрестеге бауыр трансплантациясы операциясы жасалды. Сәбидің анасы өз перзентіне донор болды. Күрделі ота ұлттық балалар медициналық орталығында жүзеге асты. Дәрігерлердің мәліметінше, бір жасқа дейінгі нәрестелерге мұндай операциялар әлем бойынша сирек жасалады. Сәбидің денсаулығында туғаннан кінәраты болған. Анасы екеуі толық тексеруден өтіп, бауыр алмастыру процесіне дайын деп танылған соң хирургтар жедел отаға кірісті. Операция еш қиындықсыз өтті. Бүгінде ананың да, нәрестенің де жағдайы жақсы.

Мағфура Аминова, сәбидің анасы:

Дәрігерлер бауыр алмастыру қажеттігін айтқанда қорқыныш болды. Алайда көп ойлануға уақыт жоқ еді. Осы орталыққа сеніп, шақалағыма ота жасатуға келістім. Барлығы сәтті өткеніне қуаныштымын, ақ халатты жандарға алғысым шексіз.


Бөлісу