Басты Жаңалықтар Атырауда үш адам газдан уланып көз жұмды

Атырауда үш адам газдан уланып көз жұмды

Атырауда үш адам газдан уланып көз жұмды. Оқиға кеше түскі уақытта қала іргесіндегі Томарлы ауылдық округіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үй ішінен 1958 жылы туған ерлі-зайыпты мен 72 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Үшеуі де жедел қызметтер келгенге дейін қаза тапқан. Алдын ала болжам бойынша газбен жұмыс істейтін жылыту пешінен ақау шыққан. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.


Бөлісу