Батыс Қазақстанда мұз ойылып, жүк көлігі суға батып кетті
Батыс Қазақстан облысында жүк тиелген «ГАЗель» көлігі суға батып кетті. Оқиға Шаған өзені тұсындағы Бәйтерек ауданы Октябрьское ауылы маңында болған. Жүргізуші айналма жолмен жүрмей, мұз үстімен төтесінен өтпек болған. Алайда жұқа мұз көліктің салмағын көтере алмаған. Абырой болғанда, жүргізуші дер кезінде көліктен шығып үлгерген. Қасында басқа ешкім болмаған, зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар мұзды кесіп, сүңгуірлер арқанды жүк көлігіне бекітіп, судағы көлікті сүйреп алып шықты. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, 13 мың 800 теңге айыппұл салынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Пиротехниканы заңсыз саудалағандарға айыппұл салынды
29.12.2025, 10:27
Ресейде алаяқтарға жаза күшейеді
29.12.2025, 10:25
«Хамас» қозғалысын қаржыландырғандардан 1 млн еуродан астам ақша тәркіленді
29.12.2025, 10:24
Трамп пен Зеленский төртінші рет кездесті
29.12.2025, 10:22
Бүгін Мәжілісте 8 заң жобасы қаралады
29.12.2025, 10:20
Шымкентте 8 адам газдан уланып, ауруханаға түсті
29.12.2025, 10:20
Атырауда үш адам газдан уланып көз жұмды
29.12.2025, 10:18
Президент: Түбегейлі өзгерістердің жаңа кезеңі басталады
28.12.2025, 20:56