А.Аракчи: Иран соғысқа да, диалогқа да әзір
Иран соғысқа да, диалогқа да дайын. Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи осылай деп мәлімдеді. Мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеран ядролық бағдарлама бойынша келіссөз өткізу туралы ұсыныс жасады деп мәлімдеген еді.
Бұған қоса, дипломат жалғасып жатқан шерулерге қарамастан елдегі жағдай бақылауда екенін айтты. Аракчидің айтуынша, тәртіпсіздіктерге қатысушылардың лаңкестік әрекеттеріне АҚШ пен Израильдің қатысы бар екенін дәлелдейтін құжаттар бар.
Иранда шерулер желтоқсанның 28-інде басталды. Бұған ұлттық валютаның құлдырауы себеп болған. АҚШ-та орналасқан құқық қорғау ұйымының дерегінше, екі аптаға созылған шерулер барысында 544 адам қаза тауып, 10 600 адам тұтқындалған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика бойынша 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
29.11.2026, 10:15
Бүгін елімізде мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр
29.11.2026, 08:00
ШҚО-да спорт кешені ашылды
27.11.2026, 20:27
Мәслихат сайлауына дайындық аяқталды
27.11.2026, 20:07
«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04