«Ақтау – Доссор» автожолын жөндей бастады
Маңғыстауда батыс өңірлермен шектесетін күре жолдың екі бірдей учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды.
Өйткені республикалық маңыздағы жол мерзімінен бұрын тозған. Мамандардың
айтуынша, оған жүк көліктерінің рұқсат етілген нормадан артық жүк тасымалдауы
себеп. Жыл басынан бері ереже бұзғандарға қатысты 120-ға жуық әкімшілік іс
қозғалып, 52 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Қазір жолшылар «Доссор –
Құлсары – Бейнеу – Ақтау» бағытындағы автожолдың 78 шақырымында жөндеу
жұмыстарын жүргізуде. Тозған қабат қырылып, оның орнына қиыршық тас пен
асфальтбетон жабындысы төселіп жатыр.
Қарасай Абықанов, «Қазавтожол» ҰК»
АҚ филиалының инженері:
Жөндеу жұмыстарын жолдың 580-632 шақырымдық аралығында 52 шақырымында және де 692-718 шақырым аралығындағы 26 шақырымында жүргізу мерзімі өтпелі кезеңмен, 2026-2027 жылдар арасында жүзеге асыру жоспарланған. Жай-күйіне байланысты, нормативті уақыты келіп тұрса соған қарай жүргізіледі.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Топтық кезеңнің екінші айналымы аяқталды
24.06.2026, 20:20
БҚО-да күрежолдың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
24.06.2026, 20:15
Дәрігерлер әткеншектен құлаған баланың бүйрегін сақтап қалды
24.06.2026, 20:14
Әлем жаңалықтарына шолу
24.06.2026, 20:13
Шымкентте инвестициялық жобаларды қолдау күшейтіледі
24.06.2026, 20:12
Өңірде коммуналдық проблема түбегейлі шешіледі
24.06.2026, 20:10
Газ құю бекеттеріндегі оқыс оқиғалар тыйылмай тұр
24.06.2026, 20:06
Өңірдегі стратегиялық нысандар - Үкімет назарында
24.06.2026, 20:05