Басты Жаңалықтар Рекордтық көрсеткіш: 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Рекордтық көрсеткіш: 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Елде былтыр 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – рекордтық көрсеткіш, яғни соңғы жылдардағы ең жоғары нәтиже. Нақтырақ айтсақ, құрылыс қарқыны 2019 жылмен салыстырғанда 55%-ға артқан. Осылайша Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында айтылған жоспар 61,8%-ға орындалды.  Тұрғын үй құрылысының көлемі бойынша Астана көш бастап тұр. Мұнда бір жылда 4,9 млн шаршы метр, одан соң Алматыда — 2,7 млн және Шымкентте — 1,4 млн шаршы метр баспананың құрылысы аяқталды. Президент жоспарына сай,  2023 пен 2029 жылдар ішінде 111 миллион шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілмек.

Бөлісу