ӘЧ: Футболға шолу
Футболдан әлем чемпионатында Швейцария Канаданы жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты. Ойын «Би-Си Плэйс» стадионында өтті. Есеп 46-минутта ашылды. Швейцария сапынан Рубен Варгас мергендік танытты. 57-минутта Йохан Манзамби швейцариялықтардың басымдығын еселей түсті. Канадалықтар 76-минутта Промис Дэвид соққан голдың арқасында есеп айырмасын қысқартқанымен, қарсыласты жеңе алмады.
Ал қатар өткен матчта Бразиялия Шотландияны 3:0 есебімен талқандады. Винисиус
дубль жасап, 7ші минутта және бірінші таймға қосылған уақытта гол соғып дубль
авторы атанды. Ойынның 60-минутында Матеус Куньяның қақпаға бағыттаған добы
мүлт кетпеді. Осылайша Бразилия құрамасы С тобында 7 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне
жолдама алды.
В тобындағы тағы бір кездесу Босния және Герцоговина мен Қатар құрамалары
арасында өтті. Боснялық Керим-Сэм Алайбегович 29-минутта қақпадан саңылау
тауып, өз құрамасын алға шығарды. Оған елордалық «Астана» командасының жартылай
қорғаушысы Иван Башич нәтижелі пас шығарып берді. Ал 34-минутта қатарлық Султан
Аль-Браке өз қақпасына гол соғып алса, 42-минутта Хасан Аль-Хайдос есеп
айырмасын қысқартты. Ойынның 81-минутында босниялық Эрмин Махмич мергендік
танытты. Матч 3:1 есебімен аяқталды.
Гаити Өткен түнде болған Марокко Гаити құрамаларының арасындағы кездесу тартысы
болғанымен екеуі де топтық кезеңнен шыға алмады. Алғашқы голды Гаити ойыншылары
соққанымен көп ұзамай есеп теңесті. Қарсыластар алма-кезек өткір шабуылдар
ұйымдастырғанымен ойын 4:2 есебімен аяқталды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҰҰ Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды
15.10.2026, 20:24
Ыстанбұлды сел басты
15.10.2026, 20:18
Рекордтық көрсеткіш: 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
15.10.2026, 20:17
«Ұмай» ипотекасы қайта басталады
15.10.2026, 20:16
«Отбасы банк»: 6 ай күтпей баспана алуға болады
15.10.2026, 20:14
Зерттеу нәтижесі: Қазақстан – өңірлік көшбасшы
15.10.2026, 20:13
Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
15.10.2026, 20:11
Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен кездесті
15.10.2026, 20:05