Аустралия үкіметі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заңның тиімділігі тексеріледі
Аустралия үкіметі жасөспірімдердің әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салатын заңның тиімділігін тексермек. Мақсат – реттеуші органдарға жаңа ереженің орындалуын қамтамасыз ету үшін максимум құзырет беру. Айта кетсек, Аустралия әлемде бірінші болып 16 жасқа дейінгі балалардың Instagram, YouTube тәрізді платформаларда аккаунт ашуын тоқтатты. Алайда, зерттеулер көрсеткендей, былтыр желтоқсанда күшіне енген заңның жасөспірімдердің технологияға кіруіне айтарлықтай әсер етпеген. Яғни, миллиондаған парақша бұғатталса да, оқушылар әлеуметтік желіні іс жүзінде бұрынғыдай пайдаланып жатыр. Дегенмен, премьер-министр Энтони Албенезе кабинеті бұған тосқауыл қою үшін қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз болып отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҰҰ Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды
15.10.2026, 20:24
Ыстанбұлды сел басты
15.10.2026, 20:18
Рекордтық көрсеткіш: 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
15.10.2026, 20:17
«Ұмай» ипотекасы қайта басталады
15.10.2026, 20:16
«Отбасы банк»: 6 ай күтпей баспана алуға болады
15.10.2026, 20:14
Зерттеу нәтижесі: Қазақстан – өңірлік көшбасшы
15.10.2026, 20:13
Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
15.10.2026, 20:11
Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен кездесті
15.10.2026, 20:05