Жапония мен Швеция құрамалары тең ойын көрсетті
Әлем чемпионатының топтық кезеңі де аяқталып қалды. Бірнеше команда плей-офф кезеңіне жолдама алып қойды. Соңғы турда Жапония мен Швеция шеберлік байқасты. Матчтың қалай өткенін және стадиондағы атмосфераны ойын орнынан тамашалаған әріптесіміз Ерсін Ерік баяндайды.
Даллас қаласындағы күннің ыстықтығына қарамастан, жанкүйерлер әдеттегідей ойынға үш сағат бұрын стадионға қарай жинала бастады. Биылғы мундиальдағы ең белсенді Жапониялық жанкүйерлердің әр ойын сайын қатары көбейіп келеді. Ал көк-сары түсті жейдедегі швециялықтар да бұл ойынға қызу дайындықпен келді.
Элизабет, жанкүйер:
Көңіл күй тамаша. Әрбір футбол фанаты мұндай мерекеге қатысу керек. Мұнда бәрі ғаламат. Мен футболды қатты жақсы көремін.Хашимото, Муройа:
Ойын тартысты басталды. Бұл матчта қос ұжымға да жанкүйерлердің қолдауы аса маңызды еді. Стадионға жиналған 70 137 көрермен бір сәт те тыным таппай футболшыларды шабуылға жетелеп отырды.
Маттиас, жанкүйер:
Тең ойын. Әзірге гол жоқ. Бірақ мүмкіндіктер бар. Шабуылда нәтиже керек. Ойын қарқынын тағы да арттырса дұрыс болар еді.Матчтың екінші бөлігі де қос команда үшін оңайға соққан жоқ. Жанкүйерлер алдында футболшылар аянып қалмады. Төрт жылда бір өтетін әлем чемпионатында қашықтыққа қарамай келетін әртүрлі жастағы футбол жанкүйерлері осындай ойындардан ерекше әсер алады. Жапония құрамасына алғашқы минуттардан аяқтан тік тұрып қолдау көрсеткен 65 жастағы Хошивара есімді жанкүйер Жапонияның финалдық кезеңде де сәтті өнер көрсететініне сенімді.
Хошивара, жанкүйер:
Ойын керемет. Маған ұнады. Бір ұпай алдық. Бірақ матч біз үшін қиын болды. Соңғы минуттарда қарсылас көп шабуылдады. Бұл ойында достық жеңді. Бастысы, біз финалдық кезеңге шықтық. Қуаныштымын.
Автор
Ерсін Ерік
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде стадион құрылысы басталды
26.06.2026, 13:08
Жұмыссыз азаматтар жаңа мамандықты тегін меңгере алады
26.06.2026, 13:07
Қазақстан халықаралық AI серіктестігіне қосылды
26.06.2026, 13:07
Қазақстан мен Алжир су тапшылығымен бірлесіп күреспек
26.06.2026, 13:06
Аустралия үкіметі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заңның тиімділігі тексеріледі
26.06.2026, 13:05
НАТО саммиті қарсаңында қауіпсіздік күшейтілді
26.06.2026, 13:04
Мұнай бағасы арзандады
26.06.2026, 13:03
Бюджеттің игерілуі: Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр
26.06.2026, 13:00