Басты Жаңалықтар Балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заңның тиімділігі тексеріледі

Балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заңның тиімділігі тексеріледі

Аустралия үкіметі жасөспірімдердің әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салатын заңның тиімділігін тексермек. Мақсат – реттеуші органдарға жаңа ереженің орындалуын қамтамасыз ету үшін барынша құзырет беру. Айта кетсек, Аустралия әлемде бірінші болып 16 жасқа дейінгі балалардың Instagram, YouTube тәрізді платформаларда аккаунт ашуын тоқтатты. Алайда зерттеулер көрсеткендей, былтыр желтоқсанда күшіне енген заңның жасөспірімдердің технологияға кіруіне айтарлықтай әсер етпеген. Яғни, миллиондаған парақша бұғатталса да, оқушылар әлеуметтік желіні іс жүзінде бұрынғыдай пайдаланып жатыр. Дегенмен, премьер-министр Энтони Албенезенің кабинеті бұған тосқауыл қою үшін қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз болып отыр.

Өскелең ұрпақтың интернетті қолдануын шектеу шараларын қабылдап жатқан өзге мемлекеттер қатарында АҚШ, Аустрия, Британия, Бразилия, Қытай, Дания, Франция, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Испания, Түркия тәрізді елдер бар.

Бөлісу