Әлем жаңалықтарына шолу
Біріккен Ұлттар Ұйымы Иран соғысы басталғалы Ормұз бұғазынан өте алмай тұрған 11 мың теңізшіні эвакуациялауды тоқтатты. Себебі стратегиялық су жолында бір танкер шабуылға ұшыраған. Иран бұл бұғаздан өтетін кемелерден ақы алғысы келеді. Вашингтон болса, мұндай жоспарға қарсы. Осы дауға қарамастан, бүгін мұнайдың Brent маркасының баррелі 2 пайызға жуық арзандап, 73 доллар 79 центке сатылды.
Венесуэлада алапат жер сілкінісі құрбандарының саны өсіп келеді. Соңғы мәліметке қарағанда, кемінде 235 адам қаза тауып, 4300-і жараланған. Үйінділер астында әлі мыңдаған адам жатуы мүмкін. Айта кетсек, бұл оңтүстікамерикалық мемлекетте екі мәрте зілзала сәрсенбі күні болды. Оның біріншісінің қуаты 7,2, екіншісікі 7,5 баллға жеткен.
Еуропа елдерінде ауаның температурасы рекордтық деңгейге көтеріліп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Францияда, Италияда, Испанияда 100 миллионнан астам тұрғын ыстықтан сақ болу туралы ескерту алған. Францияның кейбір аймақтарында сынап бағанасы 46 градусқа дейін көтерілді.
Жаңа Зеландияның орталығына алапат дауыл соққы берді. Сұрапыл желдің екпінінен талай ағаш құлап, мыңдаған адам жарықсыз қалды. Сонымен қатар мемлекет астанасы Веллингтон әуежайында 200-дей рейс доғарылды. Бұған қоса, энергия жүйесі істен шығып, 4 мыңдай абономент жарықсыз отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы