Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы артып келеді
Жезқазғанда «Азаматтық қоғам және партиялар. Өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын іздеу жолында» тақырыбында «Sarap» сарапшылар клубының аймақтық отырысы өтті.
Жиында сарапшылар азаматтық қоғамның саяси үдерістердегі рөлі, партиялармен байланысы, қоғамдық диалог, азаматтардың саяси белсенділігі мен электоралдық мәдениет мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ 5 тамызда өткен теледебатқа талдау жасалып, оның кең аудиторияны саяси үдерістерге тартудағы маңызы атап өтілді.
Сарапшылардың пікірінше, бүгінде қоғамдық ұйымдар халықтың сұранысын саяси партияларға жеткізуде маңызды рөл атқарады. Ал мемлекеттік органдар, партиялар мен азаматтық сектордың тұрақты әріптестігі қоғамдық сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.
Жиын қорытындысында осындай диалог алаңдарын тұрақты өткізіп, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейту маңызды екені айтылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы