Банктер ипотека мен тұтынушылық несие таратуды азайтқан
Биылғы жылдың үшінші тоқсанында бірқатар несие түрлері бойынша өтінімдер саны артқан. Алайда банктер оларды мақұлдауды азайтқан. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. Атап айтқанда, ипотекалық несиеге берілген өтінімдер 19 пайызға артып, 271 мыңға жеткен. Қазақстандықтар сұраған несиенің орташа сомасы 22,7 млн теңге. Алайда мақұлданған өтінімдердің үлесі 4 пайыздық тармаққа төмендеп, 29%-ды құраған. Ал автонесие бойынша 1,6 млн өтінім түскен. Сұралған орташа сома 7,2 млн теңге. Дегенмен, соның тек 18%-ына ғана келісім берілген. Ең көп өтінім кепілсіз тұтынушылық несиеге берілген. Үш айда олардың саны 16,4 млн-ға жетті. Сұралған несиенің орташа сомасы 1 млн 55 мың теңге. Бірақ банктердің несиеге келісім беру үлесі 33%-дан 31%-ға дейін төмендеген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы