Басты Жаңалықтар Астанадағы екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебесі беріледі

Астанадағы екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебесі беріледі

Арнайы комисия бұл мекемелердің Президент Жарлығында белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалады. Яғни архив ісін дамытуға қосқан үлесі, тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы бар құжаттардың сақталуын әрі қолжетімділігін қамтамасыз ету деңгейі, сондай-ақ материалдық-техникалық және цифрлық инфрақұрылымының жай-күйі ескерілді.

Айта кетейік, «Ұлттық» мәртебе қызметі мемлекет пен қоғам үшін айрықша маңызға ие ұйымдарға беріледі.


Бөлісу