Театр көрермені көбейіп келеді
Театр көрермені көбейіп келеді. Былтыр өнер ордасына келушілер саны бір жылда 2,5 пайызға артқан. Ал 2025–2026 жылғы маусымда қойылымдарды 2 миллион 800 мыңнан астам адам тамашалапты. Қуантарлық статистика әрине. Ал театр сахнасында не көрсетіліп жатыр? Бүгінгі репертуар қаншалықты мазмұнды? Ернұр Медет зерделеп көрді.
Ернұр Медет, тілші:
Соңғы үш жылда театр төрінен түспей тұрған қойылым осы. Қазақ әдебиетінің жауһарына айналған «Гауһартас». Сырлы сөз бен сазды әуенді, салт пен сезімді сабақтастырған музыкалық драма бүгінге дейін шамамен 400- рет сахналанған. Әсіресе мұндағы халық әні «Құдаша» әлеуметтік желіде санаулы сағатың ішінде млн-нан аса қаралым жинап, көрермен көзайымына айналды.
Жанел Нұрмағамбетова, музыкалық жас көрермен театрының актрисасы:
Бірінші кітап боп шыққанда, оқырман оны сүйсініп, жақсы көріп қалды. Енді олар оқыған туындысын көргісі келеді ғой. Кейіпкер ретінде, өмірде қандай екен шынымен сол атмосфераға кіргісі келеді. Бұл атмосфераны біздің үлкен аға буын бере алды. Көпшілікке сол ұнады.
Қазақ театрлары әлемдік көшке ілесіп келді. Былтыр отандық өнерпаздар 101 халықаралық фестивальге қатысқан. Бірнеше рет Үздік режиссер, үздік спектакль номинацияларын иеленді.
Мейірғат Амангелдин, «Жастар» театрының актері:
Біз анау кореяға барған кезде Мюзклдарда мысалы былай болады, Солист тек ән айтады болды, арасында бір кішкене қимылдап қоюы мүмкін. Ал бізде геройың ба секіріп жүріп ән айтады, секіріп жүріп, жүгіріп жүріп, масса да секіріп жүріп, жүгіріп жүріп ән айтады. Олар соған таңғалып жатыр да.
Бұл салада кадр тапшылығы бар. Тек жарық қоюшы, дыбыс режиссері, декоратор сынды сахнаның сыртындағы мамандар жетіспейді. Бірақ ол бағытта білім алатындар сирек. Көпшілік ел алдына шыққысы келеді. Жыл сайын шамамен 200 ге жуық адам, актер мамандығын тәмәмдайды екен. Солардың ішінен іріктеліп 10-15 пайызы ғана театрға кіреді. Қалғаны блогер болады, тойға шығады, әйтеуір өз нәпақасын табу үшін жан-жаққа тарап кетеді.
Арайлым Тұрлан, «Жастар» театрының актері:
Театрға келіп біздің жұмыс істеп жүргеніміз ол біздің үлкен, ең үлкен бағымыз деп білемін.
Бүгінде елімізде 70-ке жуық театр жұмыс істейді. Соңғы жылдары біршама жаңа жеке театр ашылған. Соның бірі Астанадағы «Жан» өнер ұжымы. Бір топта оқыған студенттер арманын ақиқатқа айналыдырған.
Әзілбек Төлеуғалиев, «Жан» театрының директоры:
Жеке театрды ашуға деген бізде ең бірінші ең үлкен бізде арман болды. Сол арманның арқасында дәл осындай үлкен сахнсларға жетелеп келдік. Қазіргі таңда жастардың не ойлайды, не жасағысы келеді. Біз бір толқындамыз деп ойлаймын.
Иә, театрдың көбейгені жақсы. Бірақ олар көпішілікке не ұсынып жатыр? Қызыл-жасыл, көз алдайтын дүниелер көбейген заманда көрерменді екі сағат бойы тірі өнермен ұстап отыру қиының-қиыны. Сол үшін біршама өнер ұжымының трендттегі ән мен би ді қойылымның ішіне қосып, әлеуметтік желідегі әзілдерді араластырып алғаны рас.
Тілектес Мейрамов, Қазақстанның Халық әртісі:
Қазіргі спектакльдердің көбі құлаққа әсер етеді жақсы әсер етеді. Көзге жақсы әсер етеді, бірақ жүрекке ешқандай әсері жоқ. Жүрек үнсіз қалады, ми үнсіз. Мен ойып айтам, қазіргі техниканың заманында, сахнаға танк шығару оп-оңай. Сомолет қондыру оп-оңай. Бірақ ол керек пе сол формасына мән береді де, мазмұнына көп мән бермейді.
Расында спектакль таңғалдырмаса да ойландыруы керек. Шын өнердің өлшемі сол -көңілді қозғау. Кеше көрген қойылым бүгінгі әрекетіңе, ертеңгі көзқарасыңа әсер етсе, қос тараптың да ұтқаны.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы