Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
Қазақстан - Орталық Азияда жалпыұлттық кітап оқу марафонын бастаған алғашқы мемлекет. Бұл бастаманы көрші елдің қаламгерлері де қолдап отыр. Бүгінде «Кітап оқып, 10 миллион теңге ұтып ал!» марафонына 1 миллион 300 мыңнан астам адам тіркелген. Қатысушылар 6 айда 15 кітап оқып, жеті бағыт бойынша бақ сынайды. Ал үздік 10 оқырманның әрқайсысына 10 миллион теңгеден беріледі. Тізімге Абай шығармаларынан бастап, әлемдік классика, тарих, саясат пен дипломатияға қатысты еңбектер және ұмытылып бара жатқан қазақ әдебиетінің туындылары енген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонның мақсаты - тек жүлде үлестіру емес, қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, рухани бай ұрпақ тәрбиелеу.
Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы:
Мысалы, Сафуан Шаймерденовтің «Инеш» деген романы көптен бері шықпаған. Соны іздеп жатыр қазір бәрі. Қайдан табамыз деп. Бұл бір жағынан кітаптың көбірек шығуына да мүмкіндік жасап жатыр. Кітапты сүю керек, ең бірінші. Жақсы көру керек. Іздеп жүріп оқу керек. Осы марафон сондай жалпыхалықтық үрдіске айнала ма деген үмітіміз ғой. Ол әрі қарай жалғаса беретіне күмәнім жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы