Жошы ұлысын зерттеудің жол картасы жасалады
Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге арналған 10 жылдық жол картасы әзірленеді. Бұл туралы Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының кеңейтілген отырысында айтылды.
Ғалымдардың айтуынша, ұзақ мерзімді бағдарлама Жошы Ұлысына қатысты зерттеулерді бір арнаға тоғыстырып, тарихи мұраны жүйелі әрі кешенді түрде зерделеуге мүмкіндік береді. Жиында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу, тарихи деректерді жүйелеу және сол кезеңдегі тарихи географияны қалпына келтіру қажеттігі айтылды. Сондай-ақ цифрлық технологияларды және басқа да заманауи зерттеу әдістерін кеңінен қолдану ұсынылды. Басқосудың соңында ғылыми жобаларды өзара үйлестіру және халықаралық ынтымақтастықты күшейту жөнінде ұсыныстар әзірленді.
Жеңісбек Төлен, ҚР Президенті жанындағы ұлттық ғылым академиясының орталық басшысы:
Жошы Ұлысын зерттеуге байланысты кешенді стратегиялық кешенді жол картасын дайындау қажет болады. Жол картасы біз айтып отырған бүкіл мәселелердің барлығын, қай жылы нені жасауы керек соның барлығының жол картасы. Яғни 2027 жылдан 2037 жылға дейінгі 10 жылдық жол картасы. Жол картасы аясында біз осы Жошы Ұлысын зерттеудің стратегиялық жобасын жасап, жүзеге асырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы