Студенттерден қомақты ақша үптеген ақтаулық сотталды
Ақтауда студенттерді алдап, кейбірінен 1 миллион теңгеге дейін ақша алған 24 жастағы тұрғын сотталды.
Ол жоғары оқу орындарында білім алатын студенттердің сеніміне кіріп, оқуына
қатысты мәселелерді ақшаға шешіп беруге уәде еткен. Атап айтқанда, емтихандарды
сәтті тапсырып, жоғары баға алуға көмектесетінін айтқан. Ол үшін студенттерден
70 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша алған. Алайда уәде етілген көмекті
көрсетпей, қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ақтау қалалық сотының
үкімімен ер адам алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға
мерзімге бас бостандығынан айырылды. Осы оқиғадан кейін құзырлы орган өкілдері
тұрғындарды жаңа оқу жылы қарсаңында сақ болуға шақырды. Әсіресе, оқу процесіне
заңсыз жолмен көмектесуге уәде беретін адамдарға сенбеуге кеңес берді.
Дауылбай Челпеков, Ақтау қаласының
прокуроры:
Қаламыздағы жоғары оқу орнының студентіне қатысты бұрынғы студентіне қатысты үкім шықты. Оның әрекеті 12 сол жоғары оқу орнының студентінен әр түрлі қызметтер, оқуына қатысты мәселелерге қатысты алаяқтықпен айналысқан. Жалпы барлығы 5 млн 200 мыңға жуық қаражат алған. Оның мүмкіндігі болмауын өзі біле тұра сондай әрекетке барған.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13
Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
14.08.2026, 13:10
«Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады
14.08.2026, 13:07
Елдегі шетел азаматтарына талап күшейді
14.08.2026, 13:05
23 мың тонна марганец кенін заңсыз өндіргендер ұсталды
14.08.2026, 13:00