Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
Астанада қайтарылған активтер есебінен «Нұра» ауданында
1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынып
жатыр. Мектеп құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан 7 млрд теңге бөлінген.
Жобаны 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа мектеп халық
санының өсуіне байланысты туындаған орын тапшылығын азайтады. Нысан №84, №85, №89
және №97 мектептердегі жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Жалпы
қайтарылған активтер есебінен Үкімет 610 млрд теңгеден астам сомаға 500-ден
астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдаған. Оның ішінде білім беру
саласында 64,4 млрд теңгеге 17 жоба жүзеге асырылады.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19