Мұнай секторына тәуелділік төмендеп келеді
Мұнай өндіру көлемінің 8,9 пайызға төмендегеніне қарамастан биыл қаңтар-шілде айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,1 пайызға өсті. Экономиканың ілгерілеуіне негізінен шикізаттық емес сектор серпін берді. Оның көлемі бір жылда 5,4 пайызға артқан.
Ал экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің бірі саналатын өңдеу өнеркәсібі 9 пайызға өсті. Ең жоғары көрсеткіш химия саласында тіркелді. Машина жасау 22 пайызға, тамақ өнімдерін өндіру 13,9 пайызға өсті. Фармацевтика өндірісі 38,5 пайызға, дайын металл бұйымдарын шығару 35 пайызға артқан. Құрылыс материалдарын өндіру де 9,4 пайызға өсті. Экономиканың басқа салаларында да оң динамика бар. Құрылыс көлемі 15,3 пайызға, көлік және қоймалау саласы 7,4 пайызға, сауда 5,9 пайызға, ауыл шаруашылығы 5 пайызға өсті. Байланыс саласындағы өсім 4,3 процент. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, соңғы жылдары еліміздің мұнай секторына тәуелділігі азайып келеді. Мәселен былтыр қара алтын өндірудің жалпы ішкі өнім құрылымындағы үлесі 7,8 пайызға дейін төмендеген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы