Жетісу облысында 5 мектептің құрылысы жүріп жатыр
Жетісу облысы Көксай ауылында жаңа мектеп құрылысы аяқталуға жақын. 60 орынға шақталған білім ордасы қайтарылған активтер есебінен салынып жатыр. Ал елді мекендегі ескі мектеп 50 жыл бұрын бой көтерген. Тозығы жеткен ғимарат қыста салқын, шатырынан су өтетін. Енді ауыл балалары оқу жылын жаңа нысанда бастайды. Мұнда оқушыларға қажеттінің бәрі бар. Бұдан бөлек, биыл өңірде 20,4 млрд теңгеге 1 280 орынға шақталған 5 оқу ордасының құрылысы жүріп жатыр. 2 430 оқушыға арналған тағы 3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары қарқын алған. Мамандар келер жылға да ауқымды жобалар бар екенін айтады.
Айдос Күнесбаев, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
Келесі жылы - 2027 жылғы басқарма тарапынан бюджеттік өтінім жолданды. Бұл жерде біз 11 мектептің жаңа құрылысына және 4 мектепті қайта жаңғырту жұмыстарына бар-жоғы 15 мектепке бюджеттік өтінім министірлікке жолдап қойдық.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19