Ел жаңалықтарына шолу
Адам жұмыс іздемейді. Керісінше жұмыс адамды іздейді. Енді жасанды интеллект көмегімен бос вакациялар туралы ақпарат азаматтарға sms хабарлама арқылы жолданады. Сондай-ақ, қайтарылған активтер есебінен Астанада жаңа білім ордасы бой көтереді. Күннің жағымды жаңалықтары алдағы топтамада.
Қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынады
Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады. Осы мақсатта 7 млрд теңге арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді. Жаңа білім ошағы «Нұра» ауданында бой көтереді. Жобаны келер жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жаңа нысан іске қосылса, елордадағы №84, №85, №89 және №97 мектептерге түсетін жүктемені азайтады.
Байқоңырдан ғарышқа азық-түлік жеткізетін кеме ұшырылады
Байқоңыр ғарыш айлағы «Прогресс МС-35» кемесін ұшыруға дайындап жатыр. Ол Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік пен су және киім-кешек жеткізеді. Бұл туралы «Роскосмос» мәлімдеп, бірнеше фотосурет жариялады. «Прогресс МС-35» кемесі вакуум камерасында сыналды, енді 9 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 21:10-да әуеге көтеріледі.
Бос жұмыс орны туралы ақпарат SMS арқылы жіберіледі
Жұмыссыз азаматтарға бос вакансиялар туралы ақпарат енді sms хабарлама арқылы келеді. Жүйе жасанды интеллект көмегімен жұмысқа мұқтаж адамдарды автоматты түрде анықтайды. Азаматтың жас ерекшелігін ескере отырып, ол тұратын өңірдегі, одан тыс жердегі, тіпті шетелдегі бос жұмыс орындарын іріктеп, eGov порталы яки Еңбек.кз қосымшасы арқылы хабар береді. Сондай-ақ,1414 нөмірінен смс жолдайды.
Гимнаст Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен өтті
Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды. Отандасымыз Ақмарал Ерекешева биыл алғаш рет ересектер арасындағы сайысқа қатыспақ. Әр жаттығу түрі бойынша финалға сегіз спортшы іріктелді. Шешуші жарыстар 14 тамызда басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы