Басты Жаңалықтар Қытайдағы Қазақстан азаматтары дауыс бере алады

Қытайдағы Қазақстан азаматтары дауыс бере алады

Қытайда жүрген қазақстандықтар үшін Құрылтай сайлауында дауыс беру мүмкіндігі болады. Азаматтар Бейжің, Шанхай, Сиань және Гонконг қалаларындағы төрт сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасай алады. Қазір комиссия мүшелері ұйымдастыруға қажетті жұмыстарды пысықтап жатыр. Дауыс беру үшін консулдық есепте тұру міндетті емес. Қытайда уақытша жүрген азаматтар да сайлауға қатыса алады. Ол үшін жеке басын куәландыратын құжат болса жеткілікті. Ал уақыт айырмашылығына байланысты Қытайдағы учаскелер Қазақстанға қарағанда үш сағат ерте ашылады. Жергілікті уақыт бойынша дауыс беру таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Фариза Болатбек, Қытайдың CGTN телеарнасының тілшісі:

Шетелде жүрсем де Қазақстанда не болып жатқанын жаңалықтардан күнде бақылап отырамын. Себебі экономика да, политика да біздің өмірге тікелей әсер етеді. Алда маңызды кезең күтіп тұр деп ойлаймын. Сондықтан 23-і күні елшілікке барып, азаматтық борышымды орындап сайлауда дауыс беремін.

Рамазан Сәрсен, магистрант:

Тіл мен мәдениет университетінде жылдан бері оқимын. Мен магистратура студентімін. Бұған дейін өткізілген саяси науқандарға қатысқанмын. + Парламент өзгерейін деп отыр. Бұл біздің отанымызда өтіп жатқан болашаққа әсер ететін өте маңызды науқан.


Бөлісу