Дунай өзені тартылып, жалғыз АЭС жұмысы тоқтатылды
Румыния өзінің жалғыз атом электр станциясының жұмысын тоқтатты. Оны салқындататын Дунай өзенінің суы рекордтық деңгейге дейін тартылған. Бұл туралы елдің ядролық энергетика саласындағы ұлттық компаниясы хабарлады. Аталған станция Румыниядағы электр энергиясының шамамен бестен бірін өндіріп келген. Енді үкімет тапшылықтың орнын толтыру үшін электр қуатын импорттап, жел энергетикасын арттыруды жоспарлап отыр. Румыния АЭС жұмысын бұған дейін 2003 жылы бірнеше аптаға тоқтатқан. Ол кезде қатты қуаңшылық болған еді. Ал Венгрия Дунайдағы су деңгейін реттеп, атом электр станциясын салқындатуға мүмкіндік беретін жасанды бөгет салуды жоспарлап отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19