Спортта шекара жоқ
Қызылорда облысында кәсіби спортпен шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі жандардың қатары артқан. Бүгінде 300-ден аса параспортшы спорттың 15 түрінен ішкі және халықаралық додаларда өнер көрсетіп келеді. Шаһарда заманауи инклюзивті спорт кешен ашылғалы параспортшылардың тынысы кеңейіп, мүмкіндігі арта түсті.
Отырып ойнау волейболынан Сыр өңірі командасының шоқтығы биік. Білекті жігіттер қай сайыста болмасын жүлде олжалап келеді. Тағдырдың сынағына сынбай, спорт арқылы жоғары жетістікке жеткен азаматтың бірі Ерасыл Әбдібек. Жасы 20-да. Сегіз жылдан бері осы спортпен айналысып, бүгінде ел чемпионы, Әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған.
Ерасыл Әбдібек, параспорттан Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі:
Менің осы спорттағы арманым Олимпиада жүлдегері болу. Әшейін жүлдегер емес бірінші орын алу. Ол арманға деген әлі біраз уақыт керек. Дайындық жақсы болса көп жерге баруға болады. Бұл спорт өмірге деген құштарлықты ашады.
Жалпы инклюзивті кешенде барлық жастағы мүмкіндігі шектеулі жандарға есік ашық. Мұнда үлкенге де кішіге де арналған спорт түрлері бар. Мәселен, көру қабілеті төмен кісілер тоғызқұмалақ үйірмесіне келеді. Олар ұлттық ойынды шебер меңгеріп, халықаралық додадаларда үздіктер қатарынан көрініп жүр.
Ербол Қылышбай, ҚР спорт шебері:
Моңғолияда жалпы мүгедектер арасында бірінші әлем чемпионаты өткен. + Тоғызқұмалақтың рапид түрінен 3 орын иегері атандым.+ Қазір деңгей өте жоғары. Ойыншылардың да деңгейі көтерілген. Тоғызқұмалақ ойнайтын спортшылардың саны көбейген.
Каратэ мен таэквондо үйірмесіне келетін жастар да жетерлік. Сөйлеу қабілетінен айрылғанымен қыз-жігіттердің бойынан ептілік пен табандылық байқалады. Жалпы спортта шекара жоқ. Оған қызылордалық параспортшылардың жарқын жетістіктері дәлел.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы