Қазақстандық биатлоншылар үздіктер қатарына енбеді
Биатлоннан 10 шақырымға созылған бәсекеде қазақстандық спортшылар Ян Савицкий 39-шы, Сергей Наумик 59-шы, Антон Пантов 80-ші және Диас Кенешев 87-ші келді.
Бұл жарыста норвегиялық Уле Эйнеар Бьёрндален оқ атудан бір рет мүлт кетіп, мәреге 24 минут 33,5 секундте жетті. Екінші орынды австриялық Доминик Ландертингер иеленді. Ал үздік үштікті чех Ярослав Соукуп қорытындылады.
40 жастағы Бьёрндален төртінші Олимпиада ойынында топ жарды. Ол бұған дейін 1998 жылы Наганода, 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде, 2010 жылы Ванкуверде жеңіс тұғырынан көрінді.
1. Уле Эйнеар Бьёрндален (Норвегия) 24:33.5
2. Доминик Ландертингер (Австрия) +1.3
3. Ярослав Соукуп (Чехия) +5.7
43. Ян Савицкий (Қазақстан) +1:39.5
59. Сергей Наумик (Қазақстан) +2:22.0
80. Антон Пантов (Қазақстан) +3:31.5
87. Диас Кенешев (Қазақстан) +5:33.3
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06