Йемен үкіметі көтерілісші хуситтерге қарсы шабуылды күшейтті
Саудия бастаған коалицияның қолдауына сүйенген Йемен үкіметі көтерілісші хуситтерге қарсы әскери операцияны күшейтті. Шабуыл барысында Баб-әл-Мандеб бұғазы маңындағы жағалаудан бастап Мокка қаласына дейінгі аумақты қайтару көзделген. Йемен қорғаныс министрлігі бұл мақсатқа қол жеткізілгенін растады. Бұған қоса әскери-теңіз күштері Қызыл теңіз жағалауындағы Ходейда провинциясында да операция жүргізіп, маңызды нысандарды бақылауға алған. 2014 жылдан бері Йеменнің адам көп шоғырланған аудандары мен астанасы Сананы басып алған хуситтер болса, бұл ақпаратты растамай отыр. Биыл Таяу Шығыстағы текетірестен Ормұз бұғазы жабылып, мұнай экспорты қиындады. Сол себепті Баб-әл-Мандебтің энергетикалық шикізатты экспорттаудағы маңызы артты.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӘлемдік теннис қауымдастығының бас ассамблеясы
14.10.2026, 10:54
Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді
14.10.2026, 10:53
Робот-иттер қоғамдық тәртіпті бақылайды
14.10.2026, 10:51
Qazaqstan Internet Governance Forum: Цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқылануда
14.10.2026, 10:47
3 мыңға жуық жалған сайт бұғатталды
14.10.2026, 10:44
Қазақстан экономикасы 5 пайыздан жоғары өседі деген болжам бар
14.10.2026, 10:41