Мемлекет басшысы ұшақ апатына байланысты Нигерия президентіне көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерияның Ондо штатында Әскери әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырап, адамдардың қаза табуына байланысты Президент Бола Ахмед Тинубуға көңіл айтты. Жеделхатта мемлекет басшысы жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақ екенін жеткізді. Бенин қаласынан Лагосқа аттанған ұшақ дүйсенбі күні аталған штаттың оңтүстік-батысындағы өзен маңына құлап, 25 адам қаза тапты. Құрбандардың бесеуі – экипаж мүшелері, 20-сы – жолаушылар. Сейсенбіде олардың мәйіттері мен әуе машинасының сынықтарын суда іздеу операциясы жүргізілді. Оқиғадан кейін Нигерия басшысы апаттың себебін тергеуге бұйрық беріп, алдағы үш күнді қаралы деп жариялады.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӘлемдік теннис қауымдастығының бас ассамблеясы
14.10.2026, 10:54
Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді
14.10.2026, 10:53
Робот-иттер қоғамдық тәртіпті бақылайды
14.10.2026, 10:51
Qazaqstan Internet Governance Forum: Цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқылануда
14.10.2026, 10:47
3 мыңға жуық жалған сайт бұғатталды
14.10.2026, 10:44
Қазақстан экономикасы 5 пайыздан жоғары өседі деген болжам бар
14.10.2026, 10:41