Инчхон супермаркетінде ер адам 8 адамды пышақтаған
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласының супермаркетінде ер адам 8 тұрғынды
жаралады. Соңғы мәлімет бойынша, көп кешікпей қаскөй тұтқындалып, қамауға
алынған. Зардап шеккендердің алтауы әйел. Кейбір мәліметтерге қарағанда, 20
жастағы қыздың жүрегі тоқтап қалған. Куәгерлердің сөзінше, 59 жастағы азамат екі пышақпен шабуыл жасады. Алайда
адамдар оның жолын орындықтармен бөгеп, ұстап алып, тәртіп сақшыларының қолына
тапсырған. Шабуылшының мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп
жатыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӘлемдік теннис қауымдастығының бас ассамблеясы
14.10.2026, 10:54
Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді
14.10.2026, 10:53
Робот-иттер қоғамдық тәртіпті бақылайды
14.10.2026, 10:51
Qazaqstan Internet Governance Forum: Цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқылануда
14.10.2026, 10:47
3 мыңға жуық жалған сайт бұғатталды
14.10.2026, 10:44
Қазақстан экономикасы 5 пайыздан жоғары өседі деген болжам бар
14.10.2026, 10:41