Басты Жаңалықтар Саясаттанушы: Халық кеңесі – қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа көпір

Саясаттанушы: Халық кеңесі – қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа көпір

Халық кеңесінің басты міндеті – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайту. Саясаттанушы Найла Мұхтарова осылай дейді. Бүгінде жоғары консультативтік органға 126 адам мүше. Олар түрлі сала майталмандары және мәслихат, ассамблея, үкіметтік емес ұйымдардың экс-өкілдері. Халық кеңесі қажет болған жағдайда заң жобаларын әзірлеп, Құрылтайға ұсынады. Қоғамдық мәселені шешіп, заңнамалық бастамаларға арқау болады.

Найла Мұхтарова, саясаттанушы, жастар ғылыми зерттеу орталығының директоры:

Халық кеңесінің ең негізгі мақсаты - ол жалпы қоғам мен мемлекет арасындағы көпір болу. Өңірлердегі және де қоғамда қандай мәселелер оларды бүгінгі күні толғандырады және де қандай мәселелер шешілмей жатыр деген сұрақтарға жауап іздеп, сарапшыларды тартып және де мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белгілі ұсынымдар мен шешімдерді ұсыну.

Бөлісу