Басты Жаңалықтар Ақтауда жүк тасымалдайтын 8 кемеге тапсырыс берілді

Ақтауда жүк тасымалдайтын 8 кемеге тапсырыс берілді

Ақтау портының контейнер өткізу қуаты жылына 240 мыңға дейін артады. Бұл үшін порт инфрақұрылымы жаңғыртылып, терминалдар салынады. Сонымен қатар Каспий теңізінде жүк тасымалдайтын сегіз кеме жасауға тапсырыс берілген. Бұл туралы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астанада өтіп жатқан TransLogistica Kazakhstan халықаралық көрмесінде мәлімдеді. Қазір Ақтау порты жылына 180 мың контейнер өңдей алады. Жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталғаннан кейін бұл көрсеткішті 240 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Тапсырыс берілген сегіз кеменің төртеуі Бакуде, қалған төртеуі Қытайда жасалып жатыр. Бұдан бөлек, халықаралық логистикалық компаниялармен бірлесіп, жаңа терминалдар салу жобалары қарастырылуда. Ақтау және Құрық порттары Қытайдан Еуропаға жүк жеткізетін Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі. Жүктер Қазақстан аумағымен теміржол арқылы тасымалданып, Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға, одан әрі Еуропаға жеткізіледі.

Бөлісу