Ыстанбұлда нөсер соңы селге ұласты
Ыстанбұл қаласына бірнеше сағат тоқтаусыз жауған жауынның соңы селге ұласып, көшелерді су басты. Жаңбыр кезінде тоқ соққан 14 жастағы бір жасөспірімнің көз жұмғаны белгілі болды. Ауа райының қолайсыздығынан бүгін қаладағы барлық мектептер мен университеттерде сабақ тоқтатылды. Қала ішінен ағып өтетін екі өзен арнасынан асып кеткен. Шаһардың Азия жағалауындағы бірнеше ауданда ғимараттардың төменгі қабатын су басып, ондаған көлікті сел ағызып әкетті. Кейбір метро станцияларын да су басқан. Қоғамдық көліктердің де жүрісі қиындаған. Қала губернаторы тұрғындарды бүгін көшеге шықпауға шақырды.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жүзу спортынан Әлем кубогы басталды
15.10.2026, 10:13
«Қазақша quiz» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды
15.10.2026, 10:10
«Таза Қазақстан» Road-эстафетасына қатысушылар 40 тоннаға жуық қоқыс жинады
15.10.2026, 10:09
Almaty SuperSki: Тау туризмінің жаңа кезеңі
15.10.2026, 10:08
Ел аумағында жаңбыр жауып, қар түседі
15.10.2026, 10:06
Қытайда мұздықтар жылдам еріп жатыр
15.10.2026, 10:05
Бразилияда нөсер жауын жауып, туннельде кептеліс болды
15.10.2026, 10:03
Ақтауда жүк тасымалдайтын 8 кемеге тапсырыс берілді
15.10.2026, 10:01